Мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,1 мыңнан астам қызметкердің құқығын қорғады

7 Қазан 2021, 10:14
930
Бөлісу:
 Мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,1 мыңнан астам қызметкердің құқығын қорғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 880 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы