Бюджет есебінен заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру қажет – Қанафин

19 Қараша 2021, 15:10
657
Бөлісу:
Бюджет есебінен заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру қажет – Қанафин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы адвокат Данияр Қанафин «Адвокатураны дамыту стратегиясы» форумының ашылуында айтты.

Заңгер Данияр Қанафин Қазақстан адвокаттарының алтыншы форумында сөйлеген сөзінде еліміздің адвокатура саласының негізгі мәселелерін атап өтті.

Оның ішінде ол «мемлекеттік» адвокатураны құру мүмкіндігін, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны беруге, оның қолданылуын тоқтата тұруға және кері қайтарып алуға қатысты мәселелерді шешу атқарушы билік органдарының құзырына жататынына тоқталды.

Адвокаттарға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың кәсіби міндетін түбегейлі атқарып жүрген адвокаттарға қатысты қолданылуына кепілдік бермейді, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен заң көмегін көрсету жүйесін жетілдіру қажет, адвокаттың құқықтық мәртебесін, мүмкіндігін дәлелдемелерді жинау, адвокаттық қызметтің иммунитеті мен тәуелсіздігінің кепілдіктерін дамыту қажет, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Қанафин қылмыстық процестегі адвокаттың рөлі оның қылмыстық сот төрелігіндегі мәртебесіне сәйкес келмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы