Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылады

21 Мамыр 2019, 20:18
2269
Бөлісу:
Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған байқаудың қорытынды кезеңі өтеді, деп хабарлады Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы.

«2019 жылғы 28 мамырда Ақтөбеде №20 орта мектеп-лицейі базасында «Менің балабақшам, көшем, қалам» тақырыбындағы 5-6 жастағы балабақша тәрбиеленушілері арасында көркемсурет байқауының қорытынды 2-кезеңі өтеді. Шара Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады", - делінген хабарламада. 

Жобаның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың туған өлкесіне махаббатын ояту, патриоттық тәрбие беру.

Байқаудың 1-кезеңінде қала бойынша 142 жұмыс келіп түскен. Балалардың жұмыстарын Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері, кәсіби оқыту және музыка кафедрасының оқытушыларынан құралған қазылар алқасы іріктеді. Нәтижесінде байқаудың 2-кезеңіне 20 бала өтті.

Айта кетейік, облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша ұйымдастырылған бұл шараның 1-кезеңі 2018 жылдың 21 мамырында ұйымдастырылыпты.

Өзгелердің жаңалығы