Мемлекеттік саясаттағы сабақтастық отандық парламентаризм үшін өте маңызды – Әбдірахманов

15 Қаңтар 2021, 12:14
1374
Бөлісу:
Мемлекеттік саясаттағы сабақтастық отандық парламентаризм үшін өте маңызды – Әбдірахманов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында сөз алған депутат Сауытбек Әбдірахманов бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламентінің жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өткенін, онда Президент Паралменттің міндеттері туралы айтқанын еске салды.

Журналистік әдетім бойынша, Мемлекет басшысының бірер сөзін түртіп алған едім. Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен «бүкіл ел сіздерге қарап отыр» деді, тағы бір тұста «Парламент ел мүддесі үшін қызмет ететін қайнаған жұмыс ортасы» деді. Бүгінгі сөзде айтылған осы тапсырмаларды орындау – сіз бен бізге, жалпы баршамызға үлкен сын. Ал ол жұмыстың қалай атқарылып, қалай ұйымдастырылуы Мәжілістің басшылығына, соның ішінде ең алдымен, Мәжіліс төрағасына байланысты. Жақында ғана елімізде пандемия қатеріне қарамастан, үлкен сайлау өтті. Сол сайлауда біздің ел мемлекеттік саясаттағы сабақтастықты жақтап дауыс берді. Қазіргі жағдайда мемлекеттік саясаттағы сабақтастық отандық парламентаризм үшін өте маңызды, - деді ол.

Депутат Мәжіліс төрағалығына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын қолдайтынын айтты. 

Нұрлан Зайроллаұлы кез келген тақырыпты жете зерттейді, қай мәселені алса да түбіне дейін барып, мәнісіне қанығады. Кеңейтілген отырыстарды өткізу барысында, комитеттердің жұмысына бағыт-бағдар беру барысында білікті пікір айтып отырады. Мәжіліс төрағалығы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлының кандидатурасы ұсынылуы әрі орынды, әрі әділ, - деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағалығына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылғаны хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы