Мемлекет тарапынан созылмалы ауруға шалдыққан жандарға қандай көмек көрсетіледі?
15 Қазан 2021, 17:34 5969

Мемлекет тарапынан созылмалы ауруға шалдыққан жандарға қандай көмек көрсетіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Оның айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 105 ауру түріне дәрі-дәрмек беріледі.

Елімізде барлық созылмалы ауруы бар адамдар, соның ішінде, 137 әр түрлі созылмалы ауруға шалдыққан жандар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Соның ішінде препараттардың 32-сі – кепілдендірілген медициналық көмек жанынан, қалғаны медициналық сақтандыру жүйесі бойынша беріледі. Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 105 ауру қамтылған, - деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар ол созылмалы бүйрек ауруының барлық базалық дәрілері бар екендігін айтты.
Елдегі препараттарға қатысты мәселелермен министрлік таныс. Үнемі қадағалап отырамыз, - деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...