Мемлекетке 700 миллион шығын келтіргендер ұсталды

18 Қаңтар 2021, 12:00
1623
Бөлісу:
Мемлекетке 700 миллион шығын келтіргендер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері салықтан жалтару схемасын құрды деген күдікке ілінді. Олар мемлекетке 700 миллион теңгеден астам шығын келтірді деп болжанып отыр.

Бұл топ мүшелері 2016-2020 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан. Қылмыстық топ мүшелері Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қолға түскен.

Тергеу барысында 7 адамнан тұратын топ жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды. 

Бұл адамдардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады. 7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, 1 күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды, - делінген Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы