Бас жаңалықтар
Мемлекет тек шын мәнінде мұқтаждарға көмектесетін болады – Қасымбек
15 Қазан 2019, 10:18 260

Мемлекет тек шын мәнінде мұқтаждарға көмектесетін болады – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің жағдайы талқыланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қол астындағылардан тұрғындарға жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасының құралдарын қалай пайдалану керектігін түсіндіруді талап етті. Адамдарға өз бетінше табыс табуға мүмкіндік беру керек, деп атап өтті ол.

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру ұлғайтылды. Облыста 41 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл жаңа жұмыс орындарына орналастыру, кәсіптік оқыту, гранттар беру және басқа да құралдар. Жыл басынан бері 31 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл шаралар бірінші кезекте әлеуметтік қорғалатын, оның ішінде АӘК алушылар санатына жататын біздің тұрғындардың табыс деңгейін арттыруға бағытталған", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бүгінгі күні облыста 10 мыңнан астам отбасына АӘК тағайындалды. Бұл 50 мыңнан астам адам. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекованың айтуынша, көмек алушылармен оларды еңбекке ынталандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жиналыста Үкіметте әзірленген АӘК жаңа тәсілдері туралы айтылды. Келесі жылы төлем тағайындау ережелері өзгереді. Мемлекет бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектесетін болады. Еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс немесе өз ісін ашуға мүмкіндік беріледі.

Көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі, оның мөлшері балалардың санына байланысты сараланады.

АӘК тағайындаудың басты шарттарының бірі – еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапты болуы тиіс.

Аз қамтылған отбасылар үшін қосымша мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін кепілді әлеуметтік пакет енгізілетін болады. Оған балалар тағамы, гигиеналық құралдар, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, мектептерде ыстық тамақ, жол жүру шығындарын өтеу кіреді.

Облыс әкімі осы бағытта кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

"АӘК жаңа моделі таныстырылды. Тиісті заң жобасы дайындалуда. Сіздің қызметкерлеріңіз бұл мәселе бойынша бұдан әрі қалай жұмыс істейтінін нақты түсінуі қажет. Модельдің негізгі принципі – бұл мемлекет тек шын мәнінде мұқтаждарға және еңбектенгісі келетіндерге ғана көмектесетін болады. Адамдарға мемлекет тарапынан көмек күтіп қана отыра бермей, лайықты жұмыс істеуге және табыс табуға мүмкіндік беру керек", - деді Жеңіс Қасымбек. 

Ол әкімдердің жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жеке жауапкершілігін еске салды. Қазіргі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы көп адамдар білмейді, деп санайды облыс әкімі. Ол әсіресе АӘК алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етті.


Фото: дереккөз
Загрузка...