Мемлекет тарапынан маска сатып алу үшін ата-аналарға көмек бола ма?

24 Тамыз 2020, 17:19
2315
Бөлісу:
Мемлекет тарапынан маска сатып алу үшін ата-аналарға көмек бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.

ПТР тестілеу күніне қанша адамға жасалып жатыр? Бұрынғыдай 26-28 мың тестілеу бар ма? деген сұрақтарға министрлік өкілі жауап берді.

Мен бұл сұраққа дәл қазір жауап бере алмайтын шығармын. Қазақстан бойынша 13 наурыздан бастап 2 млн 300 мың ПТР тестілеу өткізілді. Оның әр 23-іншісі COVID-19 вирусына шалдыққан науқастарды анықтауға көмектесті. Қосымша ақпаратты береміз, - деді Қожахметов.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап балалар мектепке барады. Оларға жеке қорғаныш құралдары кімнің есебінен алынуы тиіс? Ата-аналар мен мұғалімдер қалтасынан болса, салмақ болғалы тұр. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова маска бағасын 60 теңгеге дейін түсіруге келіссөздер жүріп жатыр деген болатын. Осы бойынша қандай нәтиже бар? деген журналист жолдаған сұраққа былай деп жауап берді.

Қазақстандағы мектепке баратын оқушылар қолына қолғап киюге міндетті емес. Тек маска тағу міндеттеледі. Бұл маскаларды ата-аналары қамтамасыз етуі керек. «Мемлекет тарапынан маскаларды сатып алуға ата-аналарға көмек бола ма?» деген сауалды міндетті түрде министрге және үкімет басшыларына жолдаймыз. Мүмкіндік болса, әрине, ондай көмек көрсетіледі, - деді Бағдат Қожахметов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бағдат Қожахметов мектепте жұмыс істейтін медбикелер мұғалімдерді вирустың алғашқы белгілеріне тексеруге міндетті екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы