Мемлекет қазақстандықтардың несиелерін өтеп беруді қашан бастайды

27 Маусым 2019, 12:32
2399
Бөлісу:
Мемлекет қазақстандықтардың несиелерін өтеп беруді қашан бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 500 мың қазақстандықтың қарызын есептен шығару туралы Президент жарлығын орындау бойынша жұмыстар бірнеше айды талап етеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді. 

Қазіргі таңда Ұлттық банк Мемлекеттік несие бюросымен және ЕДБ-мен бірлесіп сандарды салыстырып, тексеруді бастайды.

"1 маусымдағы жағдайға сәйкес 300 мың теңгеге дейін әлеуметтік қолдауды алушы қарыз алушылардың санаттары бойынша, 1 шілдеде айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы  соңғы саны бойынша ақпарат аламыз.  Бағдарлама операторының шарттары жасалып, тиісті сомаларды өтеуден кейін, біз Ұлттық банк ретінде, сондай-ақ, кейін сұрақтар туындамас үшін өтеу фактісі бойынша жүргізілгенін, кредиттік құжаттамада және кредиттік бюроның деректеріне әсер етпеуін бақылаймыз.

Ол бұл үшін банкке барудың қажеті жоғын айтты.

"Банктерге барудың қажеті жоқ. Бұл жұмыс уақытты талап етеді. Менің ойымша, біздің жұмысымыз алдағы екі айда аяқталады", - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың 300 мың теңге көлемінде несие қарызын есептен шығаруды тапсырған болатын.
Өзгелердің жаңалығы