«Мемлекет қаржысын басқару» тұжырымдамасы әзірленеді

7 Қыркүйек 2021, 09:14
1825
Бөлісу:
«Мемлекет қаржысын басқару» тұжырымдамасы әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндап берді.

Министр Президенттің халыққа Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды. Айтуынша, жобада 102 іс-шара қамтылған.

Бұл Жолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін 5 бастаманы және 7 бағытты іске асыруды көздейді. Бірінші бағыт бойынша 27 іс-шараны іске асыру көзделген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын жүзеге асыру 2022 жылы жалғасады. Қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды, - деп айтты Ерғалиев.

Оның сөзінше, мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында «Мемлекет қаржысын басқару» тұжырымдамасы әзірленеді. Тұжырымдама бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтиды.

Сондай-ақ өндірушіден тұтынушыға дейін тізбегі бойынша бағаларды бірыңғай бақылау үшін негізгі мемлекеттік орган айқындалады. Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заң әзірленеді. Ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін ұзақ мерзімге бекіту көзделіп отыр, - деп баяндады Ұлттық экономика министрі Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы