Бас жаңалықтар
Мемлекет ешкімге «миллионер боласың» деген кепілдік бермейді – Даулетияров
28 Қараша 2020, 12:55 183

Мемлекет ешкімге «миллионер боласың» деген кепілдік бермейді – Даулетияров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері, заңгер Дастан Даулетияров «Желмая» жобасында айтты. 

Пандемия тек Қазақстан емес, дүниежүзіне әсер етіп жатыр. Әрбір мемлекет өзінше шешім іздеп, қабылдап жатыр. Экономикаға елеулі әсер ететін-кәсіпкерлер. Оларға қолдау көрсететін мемлекет тұрғысынан қолдау көрсетіліп отыр. Қазақстан жарты жыл бойы жеңілдіктер сыйлады. Салықтан босату, жалға алу мәселесін түсіру, банктерге пайыздық мөлшерді азайту бойынша жеңілдіктер жасалды. Мемлекет те, банк пен қаржы органдары, кәсіпкерлер де қоғамның тыныштығы үшін экономикалық тұрақталық жолында бірігіп жұмыс істеді, - деді Даулетияров. 
Заңгердің айтуынша, пандемия кезінде кәсіп ашқан дұрыс. 
Кәсіпкер деген тәуекел сөзінің синонимі деп ойлаймын. Пандемия кезінде тренинг өткізгенде біз пандемия үлкен мүмкіндік беріп отырғанын айтамыз. Пішпе көйлек, костюм, автокөлік алуды кейінге қалдыра аламыз, бірақ күніне жоқ дегенде адам 3 рет тамақтану керек. Сондықтан кәсіпкерлер заманға бейімделіп, үйге тамақ жеткізуді қолға алды. Бұл да кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік болды, - деді ол. 
Дастан Даулетияров айқандай, кәсіпкерліктерге мемлекет бірқатар қолдау көрсетті. 

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бар. Тұрақты кәсіпкерлер 2-5 млн теңге аралығында грант ала алады. Ол пайызсыз беріледі. Мемлекет оны ұсынып отыр. «Бастау» жобасы аясында кәсіп ашу үшін 550-600 мың сомасында грант беріледі. Ол 2011-2021 жылдарға арналған жоба. Қазір барды алып, істеу керек. Мемлекет ешкімге «сен бүгін миллионер боласың» деп кепілдік бермейді. «Қолына қармақ береміз, өзің аула» дегенге келтіреді. Міне, грант пен кәсіп, қолыңа ал, бағыңды сына дегендей, - деді Даулетияров.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//