Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

18 Мамыр 2019, 14:04
2262
Бөлісу:
Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірнеше мемлекетке Қазақстанның жаңа елшілері тағайындалды.

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нажмедин Мұхаметәлі Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.


Өзгелердің жаңалығы