Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасы

11 Сәуір 2019, 20:59
2427
Бөлісу:
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы оқиғалар аңдатпасын жариялады.

14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады.

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.


Өзгелердің жаңалығы