Мемлекет басшысының елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдемесі
VIDEO
5 Қаңтар, 00:48 494

Мемлекет басшысының елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдемесі

 

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Құрметті отандастар! Қадірлі ағайын! Баршаңызға тағы да айтарым. Іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді.

Бұл өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды! Бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек. Ал жастарға айтарым, жарқын болашақтарыңа​ балта шаппаңыздар. Жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар! Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты, - деді Мемлекет басшысы өз үндеуінде.

  

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...