Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды

22 Мамыр 2020, 09:47
1830
Бөлісу:
Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы