Мемлекет басшысымен бірге сапарлаған біз де құр қол қайтпадық – Асқар Умаров

11 Мамыр 2022, 18:27
1603
Бөлісу:
Мемлекет басшысымен бірге сапарлаған біз де құр қол қайтпадық – Асқар Умаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Түркияға сапары өте нәтижелі болды. Бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылды.

Мемлекет Басшысымен бірге сапарлаған біз де құр қол қайтпадық. Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумдарға қол қойды. Түркияның Жастар және спорт министрімен Мехмет Касапоглу мырзамен жастармен жұмыс бойынша өте өзекті келіссөздер жүргіздік. Кездесу барысында біз өзіміздің нәтижелі тәжірибелерімізбен бөлістік, - деді ол Facebook-тегі жазбасында.

Оның атап өтуінше, Түркиядағы іссапарда Қазақстанға деген қызығушылықтың жоғары болғаны сонша, ресми бағдарламадан тыс қонақүйге басқа да бірнеше саланың өкілдері келіп, өз идеяларын ұсынып жатты.

Түркия азаматтары біздің реформаларымызға өте қуанышты екендіктерін,бұл процесстерді мұқият зерттеп жатқандықтарын, референдумға да қызығушылықтарының жоғары екенін білдірді. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарына зер салсаңыз олардың Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына қандай мән беріп отырғанын аңғарасыз, - деді Асқар Умаров.

Өзгелердің жаңалығы