Мемлекет басшысы ҰҚШҰ саммитіне қатысады

13 Мамыр 2022, 08:25
2043
Бөлісу:
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ саммитіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толуына арналады. Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 16 мамырда Кремльде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. 

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды деп жоспарланып отыр, - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Бұған дейін ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының кездесуі жұмыс таңғы асы форматында өтетіні хабарланды.

2022 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.

ҰҚШҰ елдері биыл «Жауынгерлік бауырластық – 2022» бірлескен оқу-жаттығуларын өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы