Мемлекет басшысы Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды

24 Мамыр 2019, 19:27
2732
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы нысанды аралау барысында 5573 әскери бөлімінің макет-үлгісімен және ақпараттық тақтасымен, жатын және қызметтік инфрақұрылымдарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әскерилердің оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.

Қазақстан Президенті Ұлттық гвардияның командалық құрамы мен әскери қызметкерлермен әңгіме барысында олардың елдегі тұрақтылықты сақтауда, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарып жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, әскерилердің әлеуметтік мәселелеріне жеке тоқталды.

Мемлекет басшысы Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды

"Кредиторлық қарыздар әсіресе баспанаға төлем – өз алдына жеке мәселе. Үкімет осы қарыздарды толық өтеу бойынша түпкілікті шара қабылдауы қажет. Әскерилердің әлеуметтік мәселесі туралы сөз жүзінде айтылып, іс жүзінде тиісті міндеттемелердің орындалмауына жол берілмеу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Үкімет пен Ішкі істер министрлігіне әскери бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын шыңдап, құрылымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту жөнінде тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы