Мемлекет басшысы Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі жобаны қолдады

21 Қазан 2021, 12:23
3942
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі жобаны қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген кеңес мүшелерінің ел тарихына арналған Tik-Tok жобасын құру туралы ұсынысын қолдады.

Балаларды өнер мен мәдениетке тарту тұрғысынан өте қызықты ұсыныс айттыңыздар. Мен бұл ойды қолдаймын және облыс әкімдеріне жүгінемін. Шынында да, балалар халық театрларының ашылуы сияқты жұмыстарды бастауға тырысумыз керек. Біздің балалардың арасында таланттар өте көп. Кеше ғана мен Жезқазғанда болып, балалардың өнердің барлық түрімен шұғылданатынын, оның ішінде домбыра құлағында қалай ойнайтынын көрдім. Бұл керемет. Біз мұндай балаларға қолдау көрсету тиіспіз,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы ел тарихы туралы рухани  жоба құру туралы ұсынысты құптады.

Аймақтың тарихы бойынша Тик-Ток жобасын құру туралы ұсынысты қолдаймын. Шынында да, бұл өте жақсы жоба, қазір жастар негізінен Инстаграм мен Тик-Токта, бұл біздің өміріміздің шындығы. Бұл шындыққа сәйкес келейік және балаларымыздың тәрбиесі мен мәдениетіне оң әсер етейік , - деп қорытындылады сөзін Президент.

Өзгелердің жаңалығы