Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты

7 Желтоқсан 2021, 12:59
708
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері, ғалым-педагог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. 

Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ педагогика университетінде және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған Талас Омарбекұлы отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихын қалыптастыруға сіңірген еңбегі орасан зор. Бүкіл түркі дүниесін, ұлтымыздың шежіресін, Орталық Азия халықтарының өркениетке бет алған көшпелі мәдениетін терең зерделеді. Талас Омарбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың, әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – делінген Президенттің жеделхатында.
Өзгелердің жаңалығы