Бас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімін қабылдады
29 Қаңтар 2019, 18:34 1190

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімін қабылдады

Астана, BAQ.KZ. Кездесуде Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Сізден жаңалық