Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

11 Қазан 2021, 14:04
1202
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін, – деп жазылған жеделхатта.


Өзгелердің жаңалығы