Мемлекет басшысы қорғаныс министріне сөгіс жариялау туралы Өкімге қол қойды

15 Шілде 2019, 20:33
4754
Бөлісу:
Мемлекет басшысы қорғаныс министріне сөгіс жариялау туралы Өкімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа  сөгіс жариялау туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынымы негізінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылауды әлсіреткені, соның салдарынан Арыс қаласында әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына жол берілгені үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы