Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

3 Маусым 2020, 11:05
2538
Бөлісу:
Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан латын графикасына кезең-кезеңмен ауысатынын тағы бір мәрте еске салды. Президент бұл пікірін "Комсомольская правда" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Қазақстанның кирилл әліпбиінен латынға көшіру процесі туралы журналистің сұрағына жауап берген Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл процесті Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру концепциясы аясында бастамашылық еткенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент латынға көшу тек қазақ тіліне қатысты болатынын, орыс тілінің жағдайына еш әсер етпейтінін қосты.

Әлемдік ақпарат кеңістігі жаңа технологиялардың енуінен тез транформацияланып жатыр. Біздің балаларымызға жаңа реалийге ену керек, себебі негізгі ақпараттық ағын латын графикасына сүйенеді. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолға алынып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан латын жазуына кезең-кезеңмен, асықпай, орталықазиялық мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып көшетінін айтты. 

Себебі әңгіме тек кирилл графикасынын латынға ыңғайлап қою да емес, қазақ тілі орфографиясының реформасы туралы болып тұр. Бұған қоса, қазақ әдебиеті классикасының барлық дерлік маңызды шығармасы кирилл графикасымен жазылғанын ұмытпау керек. Қазақтың бірнеше ұрпағы кирилл жазуымен білім алды және алып жатыр. Сондықтан асықсақ, үлкен іске кедергі болады, бұл іске парасатпен қарау керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сұхбатында Қазақстанда 3,5 миллионнан астам орыс тұратынын, олардың жалпы халық санындағы үлесі 19%-ға жететінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы