Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне көңіл айтты

3 Маусым 2019, 18:50
2077
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айрылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы