Бас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы құттықтады
30 Қараша 2020, 16:52 439

Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында жеңімпаз болған отандасымыз Қарақат Башанованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді, – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша Қарақат Башанова 152 ұпай жинады. Ол гранд-финалда «Forever» әнін орындады. Аталмыш музыкалық композицияны Қарақат 5 жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...