Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды

23 Қараша 2020, 10:28
1318
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жұмыс сапары барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар Президент "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына барады, - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы