Бас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Иван Зенченко» сүт фермасына барды
17 Қыркүйек 2019, 16:27 231

Мемлекет басшысы «Иван Зенченко» сүт фермасына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарын Аққайың  ауданы, Рублевка ауылындағы «Иван Зенченко» ЖШС-нен бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті сүтті тағамдар өндіретін ферманың толық айналымдағы жұмысымен  танысып, астық жиналып жатқан егістік алқабын аралап шықты және механизаторлармен әңгімелесті.
IMG_6006-17-09-19-02-41.JPEG

Нысанды аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысына өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы баяндады. 

Кәсіпорын директоры Геннадий Зенченко Мемлекет басшысына өндірілетін өнімдер мен өткізу нарығы, соның ішінде тауардың Ресейге экспортқа шығарылуы жөнінде айтты. Ол сондай-ақ компанияның ауылдық округтегі әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын мәлімдеді.

IMG_6012-17-09-19-02-42.JPEG

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның жұмысын мен экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалады.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...