Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

10 Қаңтар 2021, 10:31
1138
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын, – делінген жеделхатта.
Өзгелердің жаңалығы