Мемлекет басшысы ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

14 Ақпан 2020, 22:33
1450
Бөлісу:
Мемлекет басшысы ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Хосе Анхел Гурриамен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Тараптар Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы байланыстардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізуге, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында аталған беделді ұйыммен белсенді ықпалдастықты жалғастыруға баса мән беретінін айтты.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Қазақстанмен арадағы көп жылғы табысты ынтымақтастығын жоғары бағалады. Хосе Анхел Гурриа Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне ерекше мән беріп, онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстары мен кеңестері ескерілгенін айтты.  

Өзгелердің жаңалығы