Бас жаңалықтар
 Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен кездесті
28 Мамыр 2019, 14:18 643

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Кездесу барысында бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік және ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді. Біз БҰҰ Бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдаймыз. Біз бітімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі әлем өте құбылмалы болып тұр. Сондықтан, біздің бірлескен қызметіміз жер шарын мейлінше тұрақты әрі қауіпсіз етеді деп үміттенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Атул Харе БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...