Бас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қарағандыдағы жаңа емхананы аралады
23 Тамыз 2019, 14:27 279

Мемлекет басшысы Қарағандыдағы жаңа емхананы аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды. 

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.

«Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды», - делінген хабарламада

Бұған дейін хабарлағанымыздай, президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын мен «Әлфарух» логистикалық орталығын аралап көрді.



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық