Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

16 Қазан 2019, 23:10
4023
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы мемлекет басшысына Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санының қысқартылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады. 

Өзгелердің жаңалығы