Бас жаңалықтар
Мемлекет барлық  азаматтың мүддесін қорғайды – депутат
25 Ақпан 2021, 15:22 250

Мемлекет барлық азаматтың мүддесін қорғайды – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров facebook  парақшасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларға қатысты пікір білдірді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы аяқталды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі өмірдің ең өзекті мәселелері туралы айтты.«Біз реформаларды ұнау немесе сыртқы құрылымдарға есеп беру үшін жүргізбейміз». Реформалар біздің азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен ел ішінде қоғамдық дамуды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.Қазақстан «егеменді демократия» бағытын жүргізуде, - деп жазды Сайыров. 

1. Ауылдар мен кент әкімдерінің іріктеуін жүргізудің нақты күндері мен тетіктері белгіленді.

2. 2024 жылдан бастап біз аудан әкімдерінің сайлауын жүзеге асыруымыз керек.

3. Адам құқықтары индикаторларын енгізу жөніндегі жұмыс жетілдірілетін болады.

Ең бастысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға, жалға беруге тыйым салу туралы норманы заң жүзінде қабылданатынын» атап өтті. Мемлекет елдің барлық азаматының мүддесін қорғайды. Қазақстандағы жер мәселесі туралы жалпыхалықтық пікірталасқа жол ашылды, - дейді депутат.

Ол атағандай, Қазақстан Президенті Үкіметке жер ресурстары мәселелері жөніндегі комиссия құруды және Қазақстанның үдемелі дамуы үшін жерді ұтымды пайдаланудың барлық техникалық аспектілерін шешуді тапсырды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...