Велоспорт орталығының басшысы ауадан ақша жасап келген – ұлттық бюро

4 Қаңтар 2019, 17:09
4476
Бөлісу:
Велоспорт орталығының басшысы ауадан ақша жасап келген – ұлттық бюро

Астана, baq.kz тілшісі. Республикалық «Велоспорт бойынша даярлау орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының басшысына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті.

Брифинг барысында ол ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты велоспорт бойынша даярлау орталығы басшысының заңсыз әрекеттері әшкереленгенін айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Велоспорт бойынша даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол орталықты іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаларға еңбекақыны есептеу, сондай-ақ заңсыз үстеме сыйақыларды төлеу арқылы ақша жымқырды деген күдікке ілінді», - деді ол.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада комитет төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталғанын, ІІМ-де лауазымды қызметкерлер $24 900 көлемінде пара алғанын, әрі Түркістан облысында кәсіпкерлерге «қамқорлық көрсеткен» лауазымды тұлға ұсталғанын және Қостанай облысында пара алған бірқатар полиция басшылары ұсталғанын жазғанбыз.
Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы