Бас жаңалықтар

Мемқызметтерді электронды форматқа көшіру 110 млн құжатты қысқартады – министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бір жылда қағаз түрінде ұсынылатын 110 млн құжатты қысқартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтерді автомандыру нәтижесінде 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80%-і, ал 2020 жылы - 90%-і автоматтандырылады.  

«Осылайша, бір жылда қағаз түрінде ұсынылатын 110 млн құжатты қысқартады. Ең бастысы көрсетілетін қызмет түрлері халыққа ұғынықты, қолжетімді және пайдалы болуы үшін бар күш-жігерімізді, мүмкіндіктерімізді жұмсауға дайынбыз. Осы бағыттағы жұмыстар бір сәтке де тоқтамайды. Негізгі мақсат - ел тұрғындарының сағаттап кезек күтпей, қажетті құжатына жылдам әрі оңай қол жеткізуіне жағдай жасау. Үкімет пен бизнестің, азаматтардың арасындағы интеграцияны жаңа деңгейге көтеру», - деді Дәурен Абаев.
Дәурен Ерболат
Загрузка...

Сізден жаңалық