Бас жаңалықтар
Меланомасы бар қазақстандықтарды емдеу үшін жаңа препарат сатып алынды
19 Шілде 2019, 16:39 265

Меланомасы бар қазақстандықтарды емдеу үшін жаңа препарат сатып алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Бірнеше күн бұрын біз пациенттерімізге Пембролизумаб (сауда атауы - Китруда) препаратын онкоорталыққа жеткізу туралы шартқа қол қойдық. Бұл препараттың бір құтысының құны 1 млн 485 мың теңгені құрайды», - деп жазды Берік Шәріп.

Бұл қымбат инновациялық иммунотерапевтикалық препарат үдемелі меланомасы бар пациенттер үшін таяуда ғана әзірленді. Ол осыған дейін емделмейтін болып саналған бұл онкологиялық ауруды емдеу кезінде емделушілердің өмір сүру көрсеткішін 50%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы препаратты Негізгі дәрілік заттар тізбесіне енгізді. Бұл құжат ДДҰ ұсынған өмірлік қажетті дәрілік препараттардың тізімін анықтайды, олар денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде қолайлы баға бойынша кең қол жетімді болуы тиіс.

Оның айтуынша, 2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 36 млрд. теңгеге онкологиялық ауруларды емдеуге арналған 155 дәрі-дәрмек сатып алынады, оның үстіне сатып алу кезінде 2,5 млрд. теңгені үнемдедік. Оның 47 атауы – таргеттік.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық