Мектептерге қаржыны әкімдіктер бөлетінін бәрі біле бермейді – Рүстем Биғари

18 Қыркүйек 2020, 13:30
1567
Бөлісу:
Мектептерге қаржыны әкімдіктер бөлетінін бәрі біле бермейді – Рүстем Биғари

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкімдіктердің мектептер мен коллеждерге жабдық сатып алуына қатысты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook парақшасында пікір білдірді.

Министрліктің бюджеттік қаржыландыру және сатып алу мәселелеріндегі принципті ұстанымы - бұл мемлекеттік қаражаттың толық ашықтығы мен ұқыпты жұмсалуын қамтамасыз ету, - деді вице-министр Рүстем Биғари.

БҒМ ол үшін арнайы ресурс дайындап жатқанын айтты. Ол мектептер мен колледждерге сатып алынған жабдықтардың ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Дегенмен мектептерге және колледждерге қаржыландыру мен сатып алуды әкімдіктер немесе білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер) жүзеге асыратынын бәрі біле бермейді, - деді Рүстем Биғари.

Осы ретте вице-министр ашықтықты қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. 

Қазіргі кезде әкімдіктер мектептер үшін компьютерлік жабдықтар сатып алуда. Жеткізілген жабдықты қабылдауда және тапсыруда ашықтықты ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ талаптарды төмендетпеу үшін «Атамекен» ҰКП-мен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жабдықтауға, қызмет көрсетуге, кепілдіктерге және басқа да қойылатын минималды талаптар келісілді. Тексеру кезінде бұған ерекше назар аудару қажет, - дейді вице-министр жазбасында.
Ол бұл процестерді бүкіл қоғам бақылауы керек екенін жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы