Мектептерде вакцина шашып жүргені рас па?

22 Қыркүйек 2021, 00:18
9262
Бөлісу:
Мектептерде вакцина шашып жүргені рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина» шашады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Автордың айтуынша, осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейеді, деп хабарлайды Stopfake.kz.

What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орын дайын екені туралы аудио-хабарлама тарап жатыр. Автордың айтуынша, мектептерде «вакцина шашылғаннан» кейін, балалар жататын төсек-орын қажет болады. Балалар жаппай ауырып, өле бастайтыны айтылады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орын дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде керісінше, сырқаттанушылық төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылып жатыр. Сондай-ақ бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ, – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Өзгелердің жаңалығы