Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға бір компьютерден болуы керек - министр

30 Маусым 2020, 09:51
1810
Бөлісу:
Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға бір компьютерден болуы керек - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға бір компьютерден келуіне қол жеткізуіміз қажет, деді  білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында.

PISA зерттеуі көрсеткендей, интернетке қосылған компьютерлердің болуы, оқушылардың нәтижелерін кем дегенде 15-20 баллға арттырады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мектептерді интернет желісіне толық қосуды қамтамасыз етуі қажет. Бүгінгі күні мектепте техникалық мүмкіндік болғанның өзінде де, бір ғана нүктеге қосылып, 4 Мбит-пен жұмыс істеп жатыр. Оны керек болса 50 Мбит, 100 Мбит-ке жеткізу қажет. Себебі, мектептердің техникалық мүмкіндігі бар, - деді ол. 

Министр атағандай, мектептердегі компьютерлену мен тиісті құралдармен қамтуды аяқтау керек. 

Мектептерде кем дегенде 5 оқушыға бір компьютерден келуіне қол жеткізуіміз қажет. Тиісті жабдықтар болмай, оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мүмкін емес. 2022 жылға дейін робототехника мен Stem кабинеттерін барлық мектепке сатып алу керек, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылынан бастап 91 инновациялық бағдарлама енгізілетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, министр мамандандырылған IT нарықты терең игерген 320 мың маман дайындау көзделіп отырғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы