Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етіле ме? - министрлік жауап берді

7 Қыркүйек 2021, 14:50
10474
Бөлісу:
Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етіле ме? - министрлік жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

Оның айтуынша, Ата Заңымызда зайырлы мемлекет екеніміз нақты жазылған. Сол себепті заң бәріне - ортақ.

Бұл мәселеге қатысты Ғылым және Білім министрлігі түсініктеме берген болатын. Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес, мектеп формасына қойылатын талаптар, білім стандарттары бар, біздің елдің азаматтары бұл бұйрықты және жалпы алғанда біздің елдің заңдарына бағыну тиіс, -дейді ол.

Сонымен қатар ол діни тұрғыда ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстары ересектер мен оқушылардың арасында қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның мәлімдеуінше, білім ордасына баратын оқушылардың бәрі министрліктің бұйрығын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және еліміздің Конституциясына бағыну керек. Бұл заңдар жекеменшік немесе мемлекеттік екеніне қарамастан барлық мектептерге қолданылады. Егер осы негізде заң бұзушылық фактілері болса, аймақтардағы білім басқармасына, біздің комитетке немесе Білім және ғылым министрлігіне хабар беруге болады.
Өзгелердің жаңалығы