Мектептердегі компьютерлердің 40 пайызы ғана іске жарамды – Тоқаев

10 Шілде 2020, 13:42
1486
Бөлісу:
Мектептердегі компьютерлердің 40 пайызы ғана іске жарамды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектептердің балансы ндағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарамды, деді  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарамды. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс, - деді ол. 

Сондай-ақ президент қашықтан оқыту мәселесіне тоқталды. 

Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы