Мектептегі ескі камералар ауыстырылады – Сәрсенов
25 Қазан 2021, 14:05 11600

Мектептегі ескі камералар ауыстырылады – Сәрсенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазір мектептерде 137 037 камера қойылған. Оның шінде 69 608-і - баламалы камера. Ол камераларды уақытымен ауыстырып отыру керек. ІІМ мен БҒМ арасында келісім бар. Біз техникалық талаптарды қойдық. Ол камералардың барлығы цифрлық болуы керек. Департамент пен әкімдіктер, Білім басқармалары Жедел басқару орталығына шығарып жатыр. Ескі камералар да алмастырылады, - деді ол.

Осыған дейін Сәрсенов мектептегі барлық камера ЖБО-ға қосылатынын айтқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...