Бас жаңалықтар
Мектепте әзірше тамақтандыру болмайды –  Аймағамбетов
14 Шілде 2020, 13:33 216

Мектепте әзірше тамақтандыру болмайды – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Оқу процесін ұйымдастыру туралы" онлайн брифингі барысында айтты.

Қазіргі таңда карантин мерзімі ұзартылғанын білесіздер. Тиісінше, әзірге мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Бұл мерзім өткеннен кейін елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтарға қатысты шешім шығарылатын болады. Бұл процеске біз белсенді араласатын боламыз. Себебі, мұнда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі негізгі орынға шығады, - деді Аймағамбетов.
Министр кезекші топтардағы тамақтандыру мәселесіне қатысты ойын білдірді.
Бірден айтамын, кезекші топтарды тамақтандыру жұмыстары жүргізілмейді. Бұл шектеу шараларына байланысты қабылданған шешім. Біріншіден, жұмыс қатаң карантин шаралары бойынша жүргізіледі. Екіншіден, қызметкерлер тамақтандыру қамын жасағанда, балалар ас үй арқылы өткенде қауіп басым боларын ойладық. Оның үстіне сабақтардың жартысы онлайнға ауысады. Сондықтан балаларға түсетін жүктеме ауыр болмайды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...