Мектеп медбикелері мұғалімді вирустың алғашқы белгілеріне тексеруге міндетті – Қожахметов

24 Тамыз 2020, 16:59
2628
Бөлісу:
Мектеп медбикелері мұғалімді вирустың алғашқы белгілеріне тексеруге міндетті – Қожахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Қыркүйектен бастап «кезекші сыныптар» жұмыс істейді. Мектеп вирусты таратушы орын болмас үшін мектепте қандай санитарлық процедуралар жүргізілетінен айтты.

Осы сұрақ бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігермен кеңестім. Айжан Серікбайқызы коронавирусты анықтау үшін мұғалімдер арасында жаппай тесті, оның үстіне тегін сынақтан өткізу ұсынылмайтынын айтты. Себебі, педагогтар өте белсенді өмір салтын жүргізеді. Олар күн сайын көптеген адаммен кездеседі және ПТР сынақтарынан өткізу өз мағынасын жоғалтады, - деді ол.

Қожахметовтің айтуынша, педагогтар ата-аналар алаңдамас үшін санитарлық талаптарды сақтап, карантин кезінде өзін-өзі қалай ұстаудың үлгісі болулары керек.

Өздеріңіз білетіндей, әр оқу мекемесінде мектеп дәрігерлері, медбикелер бар. Олар мұғалім балалардың алдынан шықпас бұрын вирустың бастапқы белгілерін, яғни температура, жөтелді анықтау үшін педагогтарды тексеруге міндетті. Егер қандай да бір белгілер анықталған жағдайда педагог сол сәттен бастап физикалық түрде баламен байланыс жасауды жоғалтады, - деді ресми өкіл.

Өзгелердің жаңалығы