Мексикадағы мұнай зауытында бірнеше жарылыс болды

8 Сәуір 2021, 11:03
1982
Бөлісу:
Мексикадағы мұнай зауытында бірнеше жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір сағаттан аз уақыт ішінде Pemex мемлекеттік компаниясына тиесілі кәсіпорын аумағында алты жарылыстың болғаны анықталды, деп жазады ТАСС.

Мексиканың шығысында сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Pemex мемлекеттік компаниясының Ласаро-Карденас-дель-Рио мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) алты жарылыс болды, содан кейін кәсіпорында өрт басталды.

Қолда бар мәліметтер бойынша, алғашқы жарылыс жергілікті уақыт бойынша 16:50-де болған. Келесі 45 минут ішінде тағы бес жарылыстың дауысы естілген.

Зауыт қызметкерлері, сондай-ақ муниципалды және аймақтық құтқару қызметтерінің мамандары тілсіз жауды ауыздықтауға қатысса, әскери қызметкерлер, ұлттық гвардия жауынгерлері мен полиция қызметкерлері зауыт маңайына қоршау қойды.

Pemex хабарлағандай, өрт кезінде жеті адам зардап шекті. Олар өрт сөндіруге қатысқан бес өрт сөндіруші, сондай-ақ кәсіпорынның екі қызметкері. Олардың біреуін күйік шалса, екіншісі түтінмен уланған.

Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланады, оларға аймақтағы Pemex ауруханасында қажетті көмек көрсетіледі, - деді компания.

Өзгелердің жаңалығы