Мексикадағы ұшақ апатынан 13 адам қаза тапты

7 Мамыр 2019, 12:06
1971
Бөлісу:
Мексикадағы ұшақ апатынан 13 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мексиканың Коауила штатындағы таулы аймақта іскерлік авиация ұшағы Bombardier Challenger 601 апата ұшырады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Бортта 13 адам болған. Bombardier Американың Лас-Вегас қаласынан Монтеррейге қарай ұшқан. Жолаушылар ол жаққа боксшылардың жекпе-жегін көруі үшін бара жатқан.

"Әуе кемесінің сынықтары әуе бақылауы көмегімен солтүстік муниципалитет Окамподағы алыс таулы зонадан анықталған", - деп мәлімдеді елдің үкіметі.

Коауила үкіметі экипаждың үш мүшесі мен 10 жолаушының тегін хабарлады, олардың бәрі испантілді болған.
Өзгелердің жаңалығы