Мексикада қарақшылар автобус жолаушыларын ұрлап әкетті

11 Наурыз 2019, 11:05
2356
Бөлісу:
Мексикада қарақшылар автобус жолаушыларын ұрлап әкетті

Алматы, BAQ.KZ. Мексиканың Тамаулипас штатында қарақшылар автобусқа шабуыл жасап, жиырмаға жуық жолаушысын ұрлап әкеткен.

Excelsior порталының мәліметінше, автобус Тампико қаласынан Рейносуға кетіп бара жатқан, жолда екі көлік оның жолын бөгеп, тоқтауға мәжбүр еткен. Кейін қарулы адамдар ішке еніп, 41 жолаушының 19-ын шығарып, қалғандарын белгісіз жаққа алып кеткен.

Кейін автобус жүргізушісі басшылығына қоңырау шалып, болған оқиғаны баяндап берген. Қазір бұл іске құқық қорғау органдары да жұмылдырылған, алайда адам ұрлау бойынша әлі ресми мәлімет тараған жоқ.


Өзгелердің жаңалығы