Меккеге қажылық жасаушылар саны шектелді

13 Маусым 2021, 18:48
1690
Бөлісу:
Меккеге қажылық жасаушылар саны шектелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы Меккеге қажылық жасаушылар санын 60 мыңға дейін шектеді, деп жазды Хабар24.

Корольдік тек өз азаматтарына ғана қажы атануға рұқсат берді. Оның ішінде 18 бен 65 жас аралығындағы азаматтар ғана Меккеге бара алады. 

Шетелдіктер былтыр да қажылыққа бара алмаған еді. 

Айта кетейік, биыл мұсылманның бесінші парызын орындау рәсімдері шілденің 17-сі мен 22-сі аралығында атқарылады.

Өзгелердің жаңалығы