Бас жаңалықтар
Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген
25 Ақпан 2020, 17:11 110

Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдай бастады. 

Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған, сәйкесінше әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, мекенжай бойынша тіркеуге онлайн тұрушылар үлесі Нұр-Сұлтан қаласында көп – 91 мың адам, одан кейін Қарағанды (39 мың) мен Павлодар (23 мың) облыстары. Бұл ретте, ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі (6 мың адам).

Электронды жаңашылдықтарды құп көретін азаматтардың саны өскені қуантады. Онлайн түрде тіркеуге тұру – уақытты үнемдеп қана қоймай, "Прописканы" сататын делдалдардың жұмысына да тосқауыл болады, – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен. Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам ХҚО-ға жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.   


Фото: дереккөз
Загрузка...